Қазақстанда 2 мыңнан астам бала ел ішінде тегін саяхаттай алады

0
102

Бағдарлама іске қосылғаннан бері 7 мыңнан астам бала Қазақстан ішінде тегін әуе сапарымен саяхат жасаған.


Қазақстанда 2 мыңнан астам бала ел ішінде тегін саяхаттай алады

Фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2026 жылғы 26 мамырда Үкімет отырысында еліміз ішінде отбасылық және балалар туризмін дамытуға бағытталған шаралар туралы мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Министрдің айтуынша, ішкі туризмді дамыту және отбасылардың демалыс шығындарын азайту мақсатында Kids Go Free бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында балалардың әуе билеттері субсидияланады.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері 7 мыңнан астам бала Қазақстан ішінде тегін әуе сапарымен саяхат жасаған. Биыл шамамен 2 мың бала ел ішінде тегін ұшу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар министр 2026 жылғы жазғы маусымда балалар мен жастарға арналған 20-дан астам ірі іс-шара жоспарланғанын айтты.

Маусым айында Алматı облысында NomadFest, Қарағанды облысында Balkhash Tour Fest, Ұлытау облысында "Көкмайса" фестивальдері өтеді. Шілдеде Астанада "Асыл Мұра" мәдени-отбасылық іс-шарасы, Жетісу облысында "Алакөл толқыны" жастар жобасы, ал Атырау облысында "Лотос" экологиялық фестивалі ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, жазғы демалыс маусымын ұйымдастыру бойынша бұған дейін де тиісті министрлік тарапынан мәлімет берілген.