Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

0
137

Желі қолданушыларының дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан туы бірінші орынға ие болды.


Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

ERNUR.KZ. Әлемдегі ең ірі медиаплатформа – Reddit-те ең үздік туды анықтаған Flags of the World онлайн-турнирі өз мәресіне жетті.

Желі қолданушыларының дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан туы бірінші орынға ие болды.
Reddit-тегі r/flags қауымдастығы ресми түрде мойындалған барлық елдің туы арасынан ең үздігін таңдады.
Бастапқыда елдер географиялық орналасуына байланысты топтастырылып, соның ішінде көп дауыс жинағандары келесі кезеңге өткізіліп отырған. Турнир қорытындысы бойынша көк байрағымыз алдыңғы орыннан көрінді.
«Қазақстан – біздің чемпион! Барлығыңыз дауыс беріп, оны әлемдегі ең үздік ту деп таныдыңыздар. Қатысқандардың барлығына рахмет! Бұл ауқымды әрі қызық жұмыс болды», – делінген жазбада.