​Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі бойынша ТМД елдерінен озық шықты

0
245

Индекс 3 негізгі өлшемнен тұрады.


​Қазақстан әйелдердің қауіпсіздігі бойынша ТМД елдерінен озық шықты

Фото: Астана әкімдігі

ERNUR.KZ. Қазақстан ТМД елдері арасында «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» индексі бойынша көшбасшылар қатарына енді, деп жазады inform.kz.

Осы айда Джорджтаун университетінің Women, Peace and Security платформасында жарияланған дерекке сәйкес, Қазақстан әлемнің 181 елі ішінде 72-орынға тұрақтаған. Ал ТМД кеңістігінде Армения мен Беларусьтен кейінгі үшінші орынға ие.

Women, Peace and Security (WPS) индексі — елдердегі әйелдердің жағдайын, қауіпсіздігін және қоғам өміріне қатысу деңгейін кешенді түрде бағалайтын халықаралық көрсеткіш.
Индекс 3 негізгі өлшемнен тұрады:

— Инклюзия: білім алу деңгейі, еңбек нарығындағы үлесі, шешім қабылдау процесіне қатысуы және т. б.
— Әділеттік: заң алдындағы теңдік, алалау мен кемсітудің болмауы және т. б.

— Қауіпсіздік: тұрмыстағы зорлық-зомбылық, қоғамдағы қылмыс деңгейі және т. б.