Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барған болатын.
Фото: Видеодан алынған скрин
Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Бұдан соң Мемлекеттер басшылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға беттеді, — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барғанын жазған едік.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
