Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды

0
154

Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды

фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.