Сілкініс ошағы Ақтаудан 570 шақырым жерде орналасқан.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Каспий теңізі акваториясында сейсмикалық белсенділік әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Ай басынан бері мұнда сегіз жер сілкінісі тіркелді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Кезекті жер асты дүмпуі 11 сәуір күні таңертең болды. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, ол жергілікті уақытпен сағат 08:47-де тіркелген.
Жер сілкінісінің магнитудасы 3,3 болған, ал ошағы шамамен 32 шақырым тереңдікте орналасқан. Эпицентрі Ақтаудан шамамен 570 шақырым қашықтықта болған.
Мамандар өңірдегі белсенділік сақталып отырғанын айтып, жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр.


