​Қарағандыда ұшақ құлаған жерден алғашқы кадрлар жарияланды

0
85

Экипаж дер кезінде катапультамен секіріп үлгерген.


​Қарағандыда ұшақ құлаған жерден алғашқы кадрлар жарияланды

Фото: Айзада Ағылбаева / Kazinform

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында әскери ұшақ құлаған орыннан алғашқы эксклюзивті кадрлар жарияланды, деп жазады inform.kz.

Kazinform Қарағанды облысында апатқа ұшыраған Су-30СМ жойғыш ұшағы құлаған жерден алғашқы кадрларды түсірді. Ұшақ әуежайдан шамамен батысқа қарай екі шақырым және Қарағанды қаласынан 26 шақырым жерде — дала аймағына құлаған.

Таңертең өңірде күн ашық болған, айнала жақсы көрінген еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райы жағдайлары жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларын орындауға кедергі келтірмеген.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, биылғы 25 ақпанда жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған. Экипаж дер кезінде катапультамен секіріп үлгерген.

Ведомствода екі ұшқыштың да тірі екені, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені атап өтілді. Қазіргі уақытта ұшқыштар дәрігерлердің бақылауында.
Құлау аймағы қоршауға алынған. Халық пен инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.

Азаматтық рейстер штаттық режимде орындалып жатыр, рейстер тоқтатылған жоқ.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі департаментінің басшысы басқарады. Оның құрамына авиация қызметінің бейінді мамандары енгізілген.
Осыған дейін Қарағанды облысындағы ұшақ апатының бірнеше себебі аталған болатын.