Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.
Куәгер түсірген фото
ERNUR.KZ. Теміртауда жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан бірнеше жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады. Автобус жол жиегіне шығып кетіп, содан кейін бағдаршамның темір бағанына соғылған. Негізгі соққы көліктің алдыңғы бөлігіне тиген.
Полицияның жауабы
Полицияның хабарлауынша, оқиға қарбалас уақытта, сағат 08:40 шамасында Абай, Металлургтер және Республика даңғылдарының қиылысында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 45 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
Қарағанды облыстық полиция департаменті салонда 20-ға жуық жолаушы болғанын хабарлады. Төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
"Жол-көлік оқиғасы дерегі тіркелді. Тексеру жүргізіліп, мән-жайлар анықталып жатыр", - деп атап өтті өңірлік ПД баспасөз қызметі.


