Қарағанды облысында республикалық жолдар бақылауға алынды

0
240

Көпірлер мен су өткізу жүйелері де тұрақты бақыланады.


Қарағанды облысында республикалық жолдар бақылауға алынды


фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында республикалық жолдар бақылауға алынды, деп жазады sputnik.kz.
"Қарағанды облысында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары күшейтілді. Өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдары тәулік бойы бақылауға алынып, күре жолдардың қауіпті учаскелері жіті қадағаланады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар қажетті материал қоры жасақталған. Су тасқыны болған жағдайда белгі қойылып, қорғаныс үйіндісі мен қапшықтар төселеді. Жол бойындағы барлық нысан – көпірлер мен су өткізу жүйелері тұрақты бақыланады, дейді кәсіпорын мамандары.