​Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін зауыт салынады

0
89

​Қарағанды облысында көмірден жылына 2 млрд текше метр газ өндіретін зауыт салынады.


​Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін зауыт салынады

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады inform.kz.
– Көмір химиясы саласында елімізде шикізат қоры мол. Көмір химиясындағы капиталды қажет ететін жобалар экспорттауға болатын аммиак, метанол, этанол, полипропилен және газ сияқты кең ауқымды тауарларды өндіруге мүмкіндік береді. Әлеуетті жобалардың бірі – Қарағанды облысында жылына 2 млрд текше метр газ өндіретін, құны шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрайтын көмірден газ өндіру зауыты. Аталған жобаны қытайлық компания іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл сегментте капиталды қажет ететін көптеген экспорттық жобаларды жүзеге асыруға болады, - деді ол.
Вице-премьер қайта өндеу мен әртараптандыруға елеулі серпін беруге инвестициялар көлемінің өсімін көрсетудегі тағы бір мысал ретінде Qarmet кейсін атады.
– Компания алдағы үш жыл ішінде шамамен 3,5 млрд АҚШ долларына жобаларды іске асырады. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде көмір өндіру көлемі 1,4 есеге, темір кені өндірісі 1,8 есеге ұлғая отырып, концентраттар өндірісі 1,7 есеге артып, сұрыптық илемдеу шығару көлемі 2,3 есеге өседі. Сондай-ақ қуаты 4 млн тонна болатын жаңа құйма-илек кешені іске қосылады, - деді Серік Жұманғарин.