Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

0
389


Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында Шет ауданына қарасты Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков қамауға алынды, деп жазады BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде ауыл әкімін бірнеше жыл бойы оның қарамағында жұмыс істеген қызын қорлады деп айыптаған әйелдің бейнеүндеуі жарияланды. Бұдан бөлек, күдікті зардап шеккен қыздың ата-анасымен дос болған.

23 жастағы қыз өзін шенеунік зорлауға оқталды деп айыптады. Оның анасының үндеуін қарағандылық белсендісі Айнұр Балакешова парақшасында жариялады.

“ 3 мамыр күні, қызым Ақшатау ауылында болған кезде келінім қоңырау шалды. Ол Айтолқынды ауыл әкімі Нұрлан соққыға жыққанын айтты. Кейін белгілі болғандай, қызым бауырына хабарласып, көмек сұраған “, – дейді жәбірленушінің анасы.

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау камерасында отыр.

“ Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының өтініші бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соттың санкциясы бойынша оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қадағалау органы сот алқасына жеке апелляциялық өтінішхат жолдады. Өтініш қанағаттандырылып, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі аясында өзге ақпарат жарияланбайды , — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.