2012 және 2009 жылы туған кәмелетке толмаған балаларды Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері құтқару техникасы мен су көлігінің көмегімен жағаға алып шықты.
ERNUR.KZ. Қонаевтағы Қапшағай су қоймасында жағадан жыраққа жүзіп кеткен екі кәмелетке толмаған бала құтқарылды, деп жазады baq.kz.
Құтқарушылар жетінші қалалық жағажай маңындағы жағалау аймағын патрульдеу кезінде суда қауіпсіз аймақтан тыс жүзіп кетіп, өз бетімен орала алмаған жасөспірімдерді көрді.
2012 және 2009 жылы туған кәмелетке толмаған балаларды Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері құтқару техникасы мен су көлігінің көмегімен жағаға алып шықты.
Балаларға медициналық көмек қажет болмады.
Бір күн бұрын Алматыдағы Сайран көліне жасөспірім мен ер адам батып кетті.