LRT іске қосылғаннан бері жолаушылар саны 180 мыңға жетті.
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Астанада Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жеңіл рельсті көлік LRT нысандарын тексерді. Негізгі назар жолаушылар қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына аударылды, деп жазады inform.kz.
ІІМ LRT нысандарындағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. LRT-ның іске қосылуы елорданың көлік жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге айналып, қала тұрғындарының қатынау ыңғайлылығы мен мобильдігін арттырды.
Айта кетейік, LRT іске қосылғаннан бері жолаушылар саны 180 мыңға жетті.


