Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел сөндірді.
фото: Пресс-служба МЧС Казахстана
ERNUR.KZ. Астанада бес жеңіл көлік өртеніп кетті, деп жазады sputnik.kz.
"Бүгін Сарайшық ауданындағы Байтұрсынов көшесінде, тұрғын үй кешенінің жанындағы көшедегі автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді", - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде көліктердің барлығы жанып жатқан.
"Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңда тұрған көліктерге тез тарады", - деп атап өтті ведомство.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел сөндірді. Құтқарушылардың айтуынша, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


