Ерлі-зайыпты Жанабыловтардың ісі енді Қылмыстық кодекс аясында қаралады

0
99

​Бұл туралы бүгін мәлім болды.


Ерлі-зайыпты Жанабыловтардың ісі енді Қылмыстық кодекс аясында қаралады

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

ERNUR.KZ. Астанадағы мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сот ерлі-зайыпты блогер Жанабыловтарға қатысты істі әкімшілік өндірістен қылмыстық өндіріске ауыстыру туралы шешім шығарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Сот Жанабылов Ерболатқа қатысты әкімшілік істі тоқтату туралы шешім шығарды. Істе қылмыстық заң бұзудың сипаты бар болғандықтан, бұл істі сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолдау қажет деп танылды», - деді судья.

Сот деректеріне сәйкес, кәсіпкерлер әлеуметтік желі арқылы ақылы оқу курстарына қатысушылардан қаражат жинап, көлік құралдары мен бағалы сыйлықтарды ұтысқа қойған. Ұтыс жеңімпаздары «сәттілік барабаны» әдісімен таңдалған.

Алайда, Қазақстан заңнамасына сәйкес, лотереяны тек ресми оператор – «Сәтті Жұлдыз» АҚ ғана өткізе алады. Ал аталған кәсіпкерлердің операторымен ешқандай келісімшарты болмаған.

Сот ұтысқа қатысушылар санының көптігін (шамамен 6 мың адам) және төленген қаражат көлемін ескере отырып, бұл әрекеттерде заңсыз кәсіпкерлік белгілері бар деген қорытындыға келді.

Нәтижесінде, әкімшілік іс жүргізу тоқтап, материалдар қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастыру үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.