​МӘМС мәртебесін сақтау – медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді

0
172


​МӘМС мәртебесін сақтау – медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді

Шымкентте жұмыспен қамту саласының қызметкерлеріне медициналық сақтандыру мәртебесін сақтау және МӘМС жүйесінің мүмкіндіктері түсіндірілді.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Еңбек мобильдігі орталығы» мен Әл-Фараби аудандық мансап орталығы қызметкерлерімен өткен кездесуде жарна төлеу тәртібі, сақтандыру мәртебесін тексеру және медициналық көмек алу жолдары сөз болды.
Қатысушыларға МӘМС аясында бейінді мамандардың қабылдауы, диагностикалық тексерулер, зертханалық талдаулар және басқа да медициналық қызметтер қолжетімді екені айтылды. Сондай-ақ жұмыс ауыстырған немесе табысы тұрақсыз азаматтардың сақтандыру мәртебесінде үзіліс болмауына мән беру қажеттігі түсіндірілді.
Кездесу барысында МӘМС бойынша сұрақтарға жауап беріліп, азаматтардың медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануына бағытталған кеңестер берілді.
Бөлісу