Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді

0
81

Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.


Ербол Хамитов қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді

ERNUR.KZ. Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды.

Ол қашықтықты 2 минут 29 секундта еңсеріп, жарыстың үздік үштігін түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Алтын медаль қытайлық Лю Цзысюйге бұйырса, күміс жүлдені бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибера еншіледі.