Жаңа өзгерістер енгізілді.
Фото: www.kanal-o.ru
ERNUR.KZ. Енді ата‑аналар баласының балағат сөзі үшін жауап береді. Бұл туралы журналист Ерқанат Көпжасар мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Баласының балағат сөзі үшін енді ата‑ана жауапты. Қоғамдағы тәртіп пен мәдениетті сақтау мақсатында Қазақстанда жаңа өзгерістер енгізілді. Қылмыстық кодекстің 131‑бабына сәйкес, әдепсіз сөзді көпшілік алдында айту – ауыр құқық бұзу, 100 АЕК-тен (шамамен 393 200 теңге) бастап айыппұл немесе 120 сағат қоғамдық жұмыс. Жай көшеде дөрекі сөз айтса, 20 АЕК (шамамен 78 640 теңге) айыппұл немесе 5-15 күн әкімшілік қамау. Қайталанған жағдайда, 30 күнге дейін қамалу мүмкін", – деп жазды журналист желідегі парақшасында.
Бұдан басқа кәмелетке толмағандар үшін жауапкершілік ата-аналардың мойнында болады.
"14-16 жастағы балалардың ата‑анасына – 7 АЕК (27 524 теңгеге жуық), 16-18 жастағы жасөспірім өзі жазалануы мүмкін, жұмысы жоқ болса ата‑ана төлейді (10 АЕК – 39 320 теңгег жуық), 12 жас және одан төмен балалар үшін толық жауапкершілік ата‑анада – 10–15 АЕК (~39 320–58 980 теңге), әлеуметтік желілер мен интернетте – 200 АЕК дейін (~786 400 теңге). Дәлелдеме үшін куәгерлердің дәлелдері, видео/аудио жазбалар, сонымен қатар лингвистикалық сараптама қолданылады", – деді Ерқанат Көпжасар.