Әлеуметтік жәрдемақының 14 түріне мұқтаждық критерийі енгізіледі

0
97

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының бес түрі бір тармаққа біріктірілген.


Әлеуметтік жәрдемақының 14 түріне мұқтаждық критерийі енгізіледі

ERNUR.KZ. Республикалық бюджет қаржыландыратын 36 түрлі жәрдемақының тек 14 түріне ғана мұқтаждық критерийі енгізіледі. С, D және Е санатындағы отбасылар аталған төлемдерді алу құқығын сақтайды. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Республикалық бюджет қаржыландыратын 36 түрлі жәрдемақының тек 14 түріне ғана мұқтаждық критерийі енгізіледі. Олардың қатарында балалы отбасыларға берілетін жекелеген төлемдер, мүгедектікке, күтімге, асыраушысынан айырылуға байланысты жәрдемақылар, жерлеуге берілетін төлемдер және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар бар. С, D және Е санатындағы отбасылар аталған төлемдерді алу құқығын сақтайды. А және В санатындағы отбасылар үшін бұл төлемдерді алу мүмкіндігі шектеледі. Қалған 22 түрлі жәрдемақы бұрынғы тәртіппен тағайындалады», – деді министр.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақының бес түрі бір тармаққа біріктірілген. Жерлеуге берілетін төлем жеке көрсетілген. Ал арнаулы кәсіптік жәрдемақы мұқтаждық деңгейін бағалау қолданылмайтын төлемдер тізбесіне енгізілген. Іс жүзінде мұқтаждықты бағалау 14 төлемге қолданылады.

Отбасының әл-ауқат деңгейіне қарамастан, жекелеген әлеуметтік кепілдіктер сақталады. Олардың қатарында мүгедектігі бар балаларға, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жетімдерге, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы алатын, көпбалалы аналарға арналған наградалармен марапатталған аналарға берілетін жәрдемақылар бар. Отбасы А немесе В санатына жатса да, бұл төлемдер сақталады.

«Мемлекет өзіне алған әлеуметтік міндеттемелерін ешқандай жағдайда тоқтатпайды», – деді Асқарбек Ертаев.