​ОБЫРДЫҢ 10 БЕЛГІСІ: мұны әр әйел білуге тиіс

0
307

Обыр дерті неғұрлым ерте кезеңінде анықталса, ем алу, айығу мүмкіндігі де соғұрлым көбірек болады


​ОБЫРДЫҢ 10 БЕЛГІСІ: мұны әр әйел білуге тиіс

Сурет: ЖИ

Обыр дерті соңғы жылдары Жер бетіндегі кісі өлімінің екінші себебіне айналды. Ел-жұрт атын атаудың өзінен үркетін «онкология» термині ғылымда ағзаның кез келген бөлігін бүлдіретін 100 шақты аурудың жиынтығы мағынасында түсіндіріледі.

Қалыпты жасушалардың қауіпті клеткаға түрленуі нәтижесінде, анығырақ айтқанда ДНҚ-дағы мутациялық өзгерістен қатерлі ісік пайда болады. Көпсатылы ауру өзінің даму барысында зақымданғаннан соң қатерлі ісікке айналады. Мұндай мутация генетикалық және сыртқы факторлардың үш санаты арасындағы өзара әрекеттесу нәтижесінде тууы мүмкін:

  • Ультракүлгін және иондаушы сәуле сияқты физикалық канцерогендер;
  • Кейбір вирустар, бактериялар немесе паразит тудыратын инфекциялар секілді биологиялық канцерогендер;
  • Асбест, темекі түтінінің компоненттері, афлатоксиндер және күшәла сияқты химиялық канцерогендер);

Қазіргі таңда күнделікті демалатын ауамыз, ішетін сусын, жеген тамағымыздың басым көпшілігі организм үшін онша қолайлы емес. Әрбір жағымсыз әсер жай кетпейді, із қалдырады. Ағзаны жасушалық деңгейде өзгерістерге ұшыратады.


Мынадай өзгерістер мен белгілер бірден дәрігерге баруға себеп бола алады

Кеудедегі өзгерістер

Егер кеудеңізде тығыз түйін пайда болғанын аңғарсаңыз, оны елемеуге болмайды. Тіпті маммография аппаратына түсіп, онда бәрі дұрыс боп көрініп тұрса да. Егер сүт безінен қабыршақтану байқалса, бұл Педжет ауруының белгісі болуы мүмкін. Ол 95% жағдайда сүт безінің обырымен байланысты.

АҚШ-тың National Cancer Institute (NCI) мәліметі бойынша, сүт безі обыры әйелдер арасында ең жиі кездесетін қатерлі ісік түрі болып табылады. Ал Педжет ауруы сүт безі рагы жағдайларының 1–4%-ын құрайды және 95%-дан астам жағдайда сүт безінің ішкі рагымен тікелей байланысты. Апельсин қабығына ұқсас тері өзгерістері – агрессивті қабыну сүт безі рагының классикалық белгісі.

Сүт безінен кез келген сүт түстес немесе қан аралас сұйықтық бөлінуі де тексеруден өтуге себеп. Кеуде терісінде апельсин қабығына ұқсас шұңқырлардың пайда болуы кеуде обырының қабыну түрінің белгісі болуы мүмкін. Бұл сирек кездесетін және әдетте агрессивті обыр түрі. Ол сонымен қатар ісіну, қызару және температураның көтерілуімен сипатталады. Мұндай симптомдармен міндетті түрде дәрігерге жүгіну қажет. Маман сізді тексеріп, ауру тарихын зерттеуге, маммография немесе ультрадыбыстық зерттеу тағайындауға, қажет деп тапса биопсия жасауға тиіс.


Мезгілсіз қан кетулер

Менопаузаға (12 ай бойы етеккір жоқ кезең) жеткеннен кейін кез келген қан кету – қауіпті белгі. Қан кету, қан аралас бөлінді немесе ұйыған қан кесектері – барлығы аномалияның белгілері. Дәрігерге шұғыл түрде қаралу қажет. Мұндай қан кетулер эндометрий немесе жатыр мойны қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін.

The American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG) жариялаған клиникалық зерттеулерге сәйкес, менопаузадан кейінгі қан кетулердің 90%-дан астамы ағзадағы патологиямен байланысты, ал оның 10–15%-ы эндометрий рагының (жатыр денесінің обыры) тікелей белгісі.

Етеккір циклінің ортасында қан аралас бөліністер болуы немесе етеккір кезінде қанның өте көп мөлшерде келуі де алаңдаушылық туғызуы тиіс. Климакстың алдында күтпеген қан кетулер көбінесе гормондық теңгерімсіздікпен байланысты деп саналады. Бірақ себебі одан да ауыр болуы мүмкін, сақтықта қорлық жоқ. Дәрігер қабылдауындла болсаңыз, ультрадыбыстық зерттеу тағайындап, мүмкін биопсия жүргізеді.

Ұлыбританияның Cancer Research UK жетекші гинеколог-онкологтары: «Менопаузадан кейінгі кез келген қан кету – мөлшеріне қарамастан, гинекологқа жедел қаралуға себеп. Ерте анықталған эндометрий рагы 90%-дан астам жағдайда толық емделеді» деп атап көрсетеді.


Тік ішектен қан кету

Тік ішек рагы әйелдер арасында жиі кездесетін үшінші орындағы обыр түрі. Оның белгілерінің бірі – тік ішектен қан кету. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, колоректалды рак (тоқ ішек және тік ішек обыры) әйелдер арасындағы онкологиялық аурулардың таралуы бойынша 3-орында. Зерттеулер көрсеткендей, геморрой мен колоректалды рактың алғашқы симптомы (нәжістегі қан) өте ұқсас болғандықтан, пациенттердің 40%-ға жуығы дәрігерге кешігіп қаралады. Көбінесе геморроймен шатастырып, уақыт оздырып алады. Егер нәжісте қызыл немесе қара қан байқалса, дәрігерге қаралу керек. Дәрігер қабылдауда тексеру жүргізіп, әсіресе 50 жастан асқан болсаңыз, колоноскопия тағайындайды.


Қынаптық бөліністер

Жағымсыз иісі бар қынаптық бөліністер жатыр мойны рагының белгісі болуы ықтимал. Бөліністер қан аралас болуы мүмкін және етеккір арасындағы кезеңде немесе менопауза соңында пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда өз бетіңізше емделмей, дәрігерге қаралу керек. Дәрігер тексеру жүргізіп, бөліністердің инфекциямен немесе басқа қауіпті мәселелермен байланысты екенін анықтайды.


Іштің кебуі

Аналық без обыры медицинада «үнсіз кісі өлтіруші» деп аталады. Gynecologic Oncology журналының зерттеуі бойынша, аналық без рагымен ауыратын әйелдердің 80%-дан астамы аурудың алғашқы стадиясында тұрақты іш кебуі, іштің көлемі ұлғаюы, тез тою сезімі және кіші дәретке жиі бару сияқты спецификалық емес белгілерді бастан кешірген.

Жатыр асты безі рагының ең жиі кездесетін айқын белгілері – іштің кебуі, артық тамақтану сезімі (тіпті көп тамақ жемесеңіз де), нәжістің немесе зәр шығару жиілігінің өзгеруі, бел ауруы немесе төменгі іштің ауырсынуы. Бұл белгілердің бір-екеуі ғана байқалса, алаңдамауға болар. Әсіресе, шынында да көп тамақ ішкеннен кейін. Ал егер белгілердің екі немесе одан да көбі күн сайын мазаласа және орын алғанына екі аптадан артық уақыт болса, дәрігерге қаралу керек. Бұл жағдайда гинекологиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу және, мүмкін, қан анализі тағайындалады.


Тез салмақ жоғалту немесе салмақ қосу

Егер 2 кг салмақ қоссаңыз не азсаңыз, бұл алаңдауға себеп емес. Бірақ егер әдетте салмағыңыз тұрақты болып, соңғы бірнеше уақытта үйреншіктіден артық тамақтанбасаңыз да салмағыңыз артқан үстіне арта берсе, бұл – алаңдауға себеп.

Journal of Clinical Oncology зерттеулері көрсеткендей, диетасыз немесе физикалық жүктемесіз дене салмағының 5%-дан астамын (мысалы, 5 кг) кенет жоғалту асқазан, ұйқы безі, өңеш немесе өкпе рагының алғашқы белгісі болуы мүмкін. Ал кенет салмақ қосу – іш қуысында сұйықтықтың жиналуынан туындайды, бұл аналық без рагына тән.

Салмақтың бірден көбеюі іште сұйықтықтың жиналуымен, әсіресе, жатыр асты безінің рагы салдарынан болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерге қаралу маңызды. Күтпеген салмақ жоғалту 5 кг және одан көп болуы – ұйқы безі, асқазан, өңеш немесе өкпе обыры сияқты қатерлі аурудың белгісі болуы мүмкін. Салмақтың азаюы қалқанша безінің гиперфункциясымен де байланысты болуы ықтимал. Сондықтан дәрігер әдетте алдымен қалқанша безін тексеруді тағайындайды.


Үзіліссіз жөтел

Егер сізде екі-үш апта бойы өтпейтін және аллергиямен немесе жоғарғы тыныс жолдарының ауруымен байланысты емес үнемі жөтел болса немесе жөтелмен бірге қан пайда болса, дәрігерге қаралу қажет. Егер жөтел темекі шегумен (оның ішінде белсенді емес) байланысты болса, маманға көрінген жөн. Дәрігер кеуде қуысының рентгенографиясына және мүмкін компьютерлік томографияға жіберуі мүмкін.

Пульмонолог-онкологтар: «Суық тиюден кейінгі жөтел 2-3 аптада басылуы тиіс. Егер ол созылып кетсе және дауыстың қарлығуы, ентігу қосылса, төмен дозалы компьютерлік томография (КТ) жасау қажет» деп ескертеді.


Лимфа түйіндеріндегі өзгерістер

Егер мойныңызда немесе қолтық астында қатты лимфа түйіндерін сезсеңіз, дәрігерге көріну керек. Ісінген, қатты лимфа түйіндері көбінесе инфекцияның белгісі болып табылады. Бірақ олар лимфома немесе өкпе, кеуде, бас немесе мойын обырының да белгісі болуы мүмкін. Дәрігер сізді тексеріп, мүмкін биопсия жасайды.

Hematological Oncology зерттеулеріне сүйенсек, ауырсынбайтын, тығыз, қозғалмайтын және 2-4 апта бойы кішіреймейтін лимфа түйіндері, лейкемия немесе көрші мүшелердегі ісіктің метастазасы (мысалы, сүт безі рагы қолтық асты лимфа түйініне шабуы) болуы мүмкін.


Себепсіз шаршау

Шаршауды өлшеу қиын, бірақ егер сіз үнемі шаршап жүрсеңіз және демалғаннан кейін де ол басылмаса, бұл белгі болуы мүмкін. Лейкемия, тік ішек немесе асқазан рагы үнемі шаршауды тудырады. Шаршау ауыр мәселе болуы мүмкін. Дәрігер сізді тексеріп, қан анализін тағайындап, қалқанша безінің жағдайын анықтайды.

European Journal of Cancer зерттеуінде онкологиялық депрессия мен созылмалы шаршаудың айырмашылығы дәлелденген. Лейкемия, асқазан немесе тоқ ішек рагы кезінде іштей жасырын қан кетулер орын алып, анемияға (қан аздыққа) әкеледі. Бұл клеткалардың оттегімен қамтамасыз етілуін төмендетіп, демалғаннан кейін де басылмайтын шаршауды тудырады.


Терідегі өзгерістер

Барлық денеңіздегі терінің жағдайын бақылаңыз және алаңдататын белгілер пайда болса, дәрігерге қаралыңыз. Ауыз қуысыңыздағы жазылмайтын жаралар, әсіресе алкоголь ішіп немесе темекі шегетін болсаңыз, ауыз қуысының рагының белгісі болуы мүмкін. Жыныс мүшелері аймағындағы тері жағдайын бақылаңыз. Ұзақ уақыт жазылмайтын зақымдар меланома немесе басқа обыр түрлерінің белгісі болуы мүмкін. Дәрігер тексеру жүргізіп, мүмкін биопсия тағайындайды.

Осы белгілердің пайда болуын бақылаңыз. Бірақ алаңдамаңыз. Байқалған жағдайда аты жаман ауру деп бірден байбалам салмаңыз. Егер бірдеңе күдікті көрінсе, дәрігерге қаралуды кейінге шегермеңіз.

Көп жағдайда мұндай белгілердің себебі онкологиялық дерт емес, басқа да сырқаттар болып жатады. Сонда да, «Сақтықта қорлық жоқ» дегенді еске мықтап тұтқан абзал. Обыр дерті неғұрлым ерте кезеңінде анықталса, ем алу, айығу мүмкіндігі де соғұрлым көбірек болады. Қауіпті ауру уақытылы анықталса, ем қабылдап, қайтадан толыққанды өмір сүре аласыз.

Дайындаған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ЖАСӨСПІРІМдерде жиі кездесетін АУЫРСЫНУлар: қай кезде мән беру керек?