​Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты тағы бір сот үкімі шықты

0
131

Светлана Жолманова 2024 жылы қазан айында қамауға алынды.


​Экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты тағы бір сот үкімі шықты

Фото: zholmanova.svetlana / instagram.com

ERNUR.KZ. Алматы сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға жаңа іс бойынша үкім шығарылды, деп жазады inform.kz.

Сот Жолманованы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген (аса ірі мөлшерде алаяқтық) қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тапты және 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алайда Медеу ауданының №2 аудандық сотының 2025 жылғы 19 маусымдағы үкімін ескере отырып, оған түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осылайша, жаңа үкім жазаның жалпы мерзімін өзгерткен жоқ. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі үкім әлі заңды күшіне енбегенін хабарлады.
Еске салайық, өткен жылдың 19 маусымында экс-судья сот үкімімен 10 жылға сотталды. С.Жолманова 2021 жылдан бастап 2024 жылға дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы азаматтардың миллиондаған теңгесін қолды қылған.
Светлана Жолманова 2024 жылы қазан айында қамауға алынды.
Аталған іс бойынша екінші айыпталушы Данияр Күшалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға сотталды.