Олар жансақтау бөлімінде жатыр.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Талдықорғанда жүргізуші бағдаршамның қызыл түсін елемей, қатты жылдамдықпен мопед мінген екі жасөспірімді қағып кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Олар қатты соқының әсерінен жолдың жанындағы қоршаудан асып құлаған. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Полиция қылмыстық іс қозғаған.
«Полиция 2026 жылғы 2 сәуірде сағат 00:10-да Талдықорған қаласындағы Жансүгіров және Балпық би көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алғашқы мәліметтер бойынша, Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі рұқсат етілмеген сигналда өтуге әрекет жасап, мопедпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мопедте болған екі адам – жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Жетісу облыстық полициясы.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


