ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды

0
115

Бұл туралы 2026 жылы 24 мамырда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды

Сурет: t.me/DenMinPR

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтардың тарапынан жіберілетін заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 24 мамырда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Кеңес барысында азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар және алкогольдік масаң күйді анықтау бойынша куәландыру жүргізу кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты анықталған фактілер қаралды. Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында барлық өңірлік наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды""Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін ҚР ДСМ-нің тиісті бұйрығына рәсімдердің ашықтығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді. Денсаулық сақтау министрлігі аталған мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр", делінген ведомство хабарламасында.