Дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салына бастады

0
119

Рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткені үшін 2 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.


Дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салына бастады

фото: Пресс-служба МВД РК

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында дронның көмегімен жаяу жүргіншілерге айыппұл салына бастады, деп жазады sputnik.kz.
Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары қалада құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында дрондарды кеңінен қолдануға кірісті.
"Заманауи техниканың көмегімен жол қозғалысы ережелерін бұзу, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі, сондай-ақ өзге де құқықбұзушылықтар анықталып, тиісті заң аясында шаралар қабылдануда.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау – баршамызға ортақ міндет. Жаяу жүргіншілер жолдан тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы өтуге тиіс", - дейді полицейлер.
Айта кетері, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткені үшін 2 АЕК (8 650 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал осы құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың мөлшері 10 АЕК-ке (43 250 теңгеге) дейін артады.