​Достық - Мойынты екінші жолдарымен 1,2 мыңнан астам пойыз өтті

0
73

Қозғалыс 2025 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін учаскелер бойынша кезең- кезеңімен іске қосылды.


​Достық - Мойынты екінші жолдарымен 1,2 мыңнан астам пойыз өтті

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 30 қыркүйекте Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдары бойынша қозғалыс басталды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

20 қарашада пойыздар қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылуда: жаңа жолдар бойынша 1 046 жүк және 288 контейнерлік пойыз өткізілді ( тәулігіне орташа 20); ескі жолдар бойынша — 1 074 жүк және 335 контейнерлік пойыз (тәулігіне орташа 21). Екінші жолдарды пайдалану басталған сәттен бастап 16,1 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41% артық.

Қозғалыс 2025 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін учаскелер бойынша кезең-кезеңімен іске қосылды. Жобаны іске асыру желінің өткізу қабілетін және жүк тасымалының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.