Фото: abai.kz
ERNUR.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылдады, деп жазады inform.kz.
Сонымен қатар бұл заңда жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтардың қатысу деңгейін арттыру қадамдары қамтылған.
- Бұдан бөлек, суррогат ана мәселелері ескерілген. Суррогат ана қызметтеріне тапсырыс берушілер некедегі ерлі-зайыпты Қазақстан Республикасының азаматтары ғана бола алады, - деді Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров.
Сонымен қатар ел азаматы қатарынан екі реттен артық емес мәслихат төрағасы болып сайлануы туралы шектеу белгіленді.
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысатындардың тізбесін кеңейту ескерілген. Бұл ретте архив ісінің және цифрлық технологиялар саласындағы мамандар қосылды, - деді депутат.


