Депутат Еділ Жаңбыршин газ жеткізетін компаниялардың қаржысына есептегіштерді ауыстыруды ұсынды

0
185

Депутаттың ұсынысы бірінші оқылымда қабылданды.


Депутат Еділ Жаңбыршин газ жеткізетін компаниялардың қаржысына есептегіштерді ауыстыруды ұсынды

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Мәжіліс отырысында депутат Еділ Жанбыршин газды қашықтан есептейтін есептегіштерді іске қосып, газ бағасын қалыптастыру тәсілін қайта қарауды ұсынды, деп жазады stan.kz.

Оның айтуынша, қазіргі жүйе тұтынудың нақты көлемін көрсетпейді және өңірлердің климаттық айырмашылықтарын ескермейді. Бұл әлеуметтік әділеттілік қағидасының бұзылуына әкеледі.

Депутат газ тұтынудың нормасын енгізіп, сол нормадан асқан жағдайда сараланған тариф қолдануды ұсынды. Мұндай тәжірибе қазір су және электр энергиясы саласында бар.

Сондай-ақ ол бүгінде есептегіштердің көпшілігінің көрсеткіші қолмен жазылып алынатынын немесе мессенджер арқылы жіберілетінін айтты. Сөзінше, бұл нақты есеп жүргізуге кедергі келтіреді.

Еділ Жанбыршин ескі есептегіштерді ауыстыру шығынын газ жеткізуші компаниялар көтеруі тиіс екенін мәлімдеді. Бұл есептің дәлдігін арттырып, тұтынушылардың төлемін азайтуға мүмкіндік береді. Ал үнемделген газ көлемін өндіріс қажетіне және шалғай елді мекендерді газдандыруға бағыттауға болады.

Депутаттың ұсынысы бірінші оқылымда қабылданды.