Депутат Дәулет Тұрлыханов әнші Роза Рымбаеваға көлік мінгізді

0
106

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қалбатауда ашық аспан астында гала концерт ұйымдастырған.


Депутат Дәулет Тұрлыханов әнші Роза Рымбаеваға көлік мінгізді
фото: stan.kz.


ERNUR.KZ. Депутат Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға темір тұлпар сыйлады, деп жазады stan.kz.

Қуанышты жайт Абай облысының басты ақпарат алаңы саналатын парақшада жарияланды.

Ақпаратқа сәйкес, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қалбатауда ашық аспан астында гала концерт ұйымдастырған. Оған Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya секілді шоу-бизнес өкілдері қатысып, өнер көрсеткен.

Парақшада концерт сәттерінен видео жарияланды. Кадрлардан депутат Дәулет Тұрлыхановтың Роза Рымбаеваға көлік кілтін табыстағанын көруге болады.