COVID-2019: Алматыда тағы бірқатар үй карантинге жабылды

0
737

Аулалар да қоршалды.


COVID-2019: Алматыда тағы бірқатар үй карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Алматыда «Сұңқар» тұрғын үй кешенінен бөлек, тағы бірнеше үй карантинге жабылды. Бұл ақпаратты қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сұңқар» тұрғын үй кешенінен бөлек, Достық көшесі, 42-үй, Достық, 42А, Қабанбай батыр, 68 мекенжайындағы үйлер карантинге жабылды. Аула қоршалды. Төрт бақылау-өткізу пункті қойылды. Бір ғана D&D Market сауда орны жұмыс жасап тұр», - делінген қала тұрғындарынан БАҚ өкілдеріне жіберілген ақпаратта.