Бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды

0
114

Қаражат мемлекеттік келісімшарттар бойынша кепілдік міндеттемелерді орындау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша қамтамасыз ету және тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ салық берешегін өтеу есебінен қайтарылды.


Бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. 2025 жылы Ақтөбе облысының прокуратурасымен мемлекет кірісіне 1 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді, деп жазады sputnik.kz.
Қаражат мемлекеттік келісімшарттар бойынша кепілдік міндеттемелерді орындау, мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша қамтамасыз ету және тұрақсыздық айыбы, сондай-ақ салық берешегін өтеу есебінен қайтарылды.
Мысалы, облыстық құрылыс басқармасы мен "MIR-A Construction" ЖШС арасында Байғанин ауданының Матай ауылында модульдік үлгідегі ғимараттардан тұратын оқу-жаттығу базасын салу туралы келісімшарт жасалған.
Шартты орындау аясында мердігерге 288 млн теңге көлемінде аванстық төлем аударылған. Кейін шарт біржақты тәртіппен бұзылғанымен, аванс сомасы бір жылдан астам уақыт бойы қайтарылмаған", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде көрсетілген қаражат өндіріліп, мемлекет кірісіне қайтарылды.