Қазақстандық әскери қызметшілермен өткен кездесуде полковник Ануп Бикрам Рана қызметті ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қойылған міндеттерді одан әрі орындау мәселелерін талқылады.
Фото: Қорғаныс министрлігі
ERNUR.KZ. Голан жотасындағы «БҰҰ-ның ажыратуды бақылау күштері» миссиясы командирінің резервтік бітімгерлік ротасының үшінші құрамымен миссия штабының бастығы полковник Ануп Бикрам Рана кездесті, деп жазады inform.kz.
Қазақстандық әскери қызметшілермен өткен кездесуде полковник Ануп Бикрам Рана қызметті ұйымдастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қойылған міндеттерді одан әрі орындау мәселелерін талқылады. Тараптар миссия мандатын орындауға байланысты басым бағыттарға ерекше назар аударды.
— Бітімгерлер жергілікті аумақты жедел минасыздандыру, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды жою міндеттерін орындайды. Сонымен қатар олар миссия нысандары мен бекеттеріне қызмет көрсетіп, БҰҰ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, гуманитарлық жүктерді алып жүреді және жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетеді, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Голан жотасында қазақстандық бітімгерлердің жоспарлы ротациясы өткенін жаздық.


