Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа биыл наурызда түсті.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ.   Экс-министрдің мүлкі тәркіленіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп жазады inform.kz.
— Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Экс-шенеунікке қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлық жасау, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактісі бойынша тергелді, — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ агенттіктің ресми өкілі тергеу «құпия» белгісімен жүргізілгендіктен, қылмыстың істің мән-жайы жариялауға жатпайтынын ескертті.
Айта кетсек, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа биыл наурызда түсті.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
