1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы белгілеген Халықаралық жастар күні жыл сайын 12 тамызда атап өтіледі.
ERNUR.KZ. Қазақстанда жастар – ел дамуының негізгі ресурсы. Мемлекеттік жастар саясаты жас ұрпақты қолдауға және әлеуетін дамытуға, сапалы білім алуға, жұмысқа орналасуға жағдай жасауға, жас мамандарды және таланттарды ынталандыруға бағытталған.
Ел өңірлерінде жаңа форматтағы «Келешек мектебі» оқу ордалары ашылып, «Болашақ» бағдарламасы, «Jas Kenes Syilygy» жастар сыйлықтары, «Дарын», «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты іске асырылуда.
Жас қазақстандықтар – қоғамдық өмірдің белсенді қатысушылары, экономикалық өсуге, елдің ұлттық құндылықтары мен халықаралық имиджін нығайтуға үлес қосатын инноваторлар.
Қазақстан жастарын мерекемен құттықтаймыз!