Экологияға деген қамқорлық тек кәсіпқой мамандарға ғана емес, әрқайсымызға байланысты.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 5 маусым - қоршаған ортаны қорғау мамандарының кәсіби мерекесі - Экологтар күні атап өтіледі.
Экология тақырыбы еліміздің даму стратегиясында маңызды орын алады. Қазақстанда Президенттің бастамасымен былтыр іске қосылған жобалардың бірі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы бүгінде ауқымды қозғалысқа айналды. Аумақтарды тазалау, ағаш отырғызу, өзендер мен көлдерді қоқыстан тазарту – осының бәрі қоршаған ортаға, туған жерге ұқыпты әрі жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады.
Экологияға деген қамқорлық тек кәсіпқой мамандарға ғана емес, әрқайсымызға байланысты.