«Болашақ» бағдарламасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

0
110

​Стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.


«Болашақ» бағдарламасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. «Болашақ» халықаралық стипендиясы және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Олардың ішінде:

  • магистратураға 152 адам,
  • докторантураға 16 адам түсті.

Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.

Сонымен қатар тағы 182 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.