​БҚО-да жасөспірімді зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы шенеунік көз жұмды

0
93

Марқұмның 16 наурызда дүниеден өткені, бейсенбі күні жерленетіні айтылған.


Фото: ІІМ

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған бұрынғы шенеуніктің қайтыс болғаны жөнінде әлеуметтік желіде мәлімет тарады, деп жазады inform.kz.

Онда марқұмның 16 наурызда дүниеден өткені, бейсенбі күні жерленетіні айтылған.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметті растады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 16 жастағы қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ БҚО-да бұрынғы шенеуніктің 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынғаны хабарланды.
Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдікті екі айға қамауға алынған болатын.