Биыл павлодарлық шаруалар 1,1 млн тонна астық жинады

0
73

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірдегі бірқатар саланың даму жайына тоқталып өтті.


Биыл павлодарлық шаруалар 1,1 млн тонна астық жинады

ERNUR.KZ. Өңір ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі бойынша елде көш бастап тұр. Биыл бұл көрсеткіш 225 млрд теңгеге жеткізілмек. Нәтижесінде диқаншылар рекордтық 1,1 млн тонна астық жинады. Саланың дамуы азық-түлік бағаларының тұрақты сақталуына септігін тигізіп отыр.

Облыс бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға теисілі. Жұмыссыздық 4,8% деңгейінде сақталуда. 25,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Өңірде апаттық мектептерді жою және оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 5 жаңа мектеп салынды. Қосымша 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса, 20 млрд теңгеге 58 әлеуметтік нысанды жөнделіп, 22 жаңа нысан салынып жатыр. 32 спорт алаңы мен кешен ашылды. 11 жаңа спорт нысанының құрылысы жалғасуда.

Медициналық нысандардың жабдықталуы 100%-ға жетті. Инвестициялар өз нәтижесін айқын көрсетуде.

Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстарда павлодарлық оқушылар өңір абыройын көтеріп, 329 медальды еншіледі. Облыстың олимпиадалық командасы республикалық сайыстар қорытындысында «Қазақстан Республикасының үздік олимпиадалық командасы» атанды.

Ал, халықаралық білім додаларында дарынды оқушылар 50 медаль жеңіп алып, ел намысын әлем алдында жоғары деңгейде қорғады. Облыс спортшылары да республикалық және халықаралық жарыстарда 3 мыңнан астам медаль жеңіп алды.

«Биыл біз ұлы жерлестеріміздің мерейтойларына арналған ауқымды білім беру және мәдени шаралар легін өткіздік. Олардың қатарында Жаяу Мұсаның 190 жылдығы, Иса Байзақовтың 125 жылдығы, сондай-ақ журналист, сатирик-жазушы Қадыр Тайшықовтың 100 жылдығы бар. Қуат Әбусейітовтің, Қалмұқан Исабаевтың шығармашылық мұрасы да лайықты дәріптелді. Сондай-ақ биыл Антон Чехов атындағы драма театры өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтсе, Екібастұз қаласында жаңа театрдың ашылуы – өңір мәдениетінің өрісін кеңейтті», – деді спикер.