Биыл колледж бен ЖОО студенттеріне арналған 29 жатақхана салу жоспарланған

0
133

Бүгінгі таңда 3 528 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді.


Биыл колледж бен ЖОО студенттеріне арналған 29 жатақхана салу жоспарланған

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының студенттерді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылы 10 439 орындық 29 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде ЖОО студенттеріне 20 жатақхана, колледж студенттеріне 9 жатақхана арналған, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Бүгінгі таңда 3 528 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді. Олар – Түркістан қаласында 652 орындық 2 жатақхана, Астана қаласында 2 876 орындық 2 жатақхана.

«Оқу жылының басына дейін 4 228 орындық 19 жатақхана ашылады деп күтілуде. Олар – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Алматы, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары», – деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында.

Одан бөлек, 2025 жылдың соңына дейін 2 683 орындық 6 жатақхана іске қосылмақ. Оның ішінде 5 жатақхана Алматы қаласында және 1 жатақхана Астана қаласында.