Білім грантына ие болғандардың тізімі қашан шығатыны белгілі болды

0
95

Биыл 113 мыңнан астам талапкер өтініш берген.


Білім грантына ие болғандардың тізімі қашан шығатыны белгілі болды

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда білім беру гранттарын бөлу науқаны басталды. Биыл 113 мыңнан астам талапкер өтініш берген. Грант иегерлерінің толық тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп жазады Azattyq Rýhy

Грант иелерін анықтайтын Республикалық комиссияның құрамында:

  • Парламент депутаттары;
  • Мемлекеттік органдардың өкілдері;
  • Кәсіподақтар мен қоғамдық ұйымдар;
  • ЖОО қауымдастықтары мен «Атамекен» ҰКП өкілдері бар.

Комиссия талапкерлердің ҰБТ-да жинаған баллдары мен мамандық таңдауына сәйкес шешім қабылдайды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы грант конкурсына 113 мыңнан астам өтініш түскен. Ең танымал бағыттар:

  • Педагогикалық ғылымдар;
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
«Грант конкурсының нәтижелері 10 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланады», – делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар ЖОО-ларға қабылдау 25 тамызға дейін аяқталады.