Берденовке оқ атылған мылтық елордада есептен шығарылған

0
103

21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалғаны мәлім болған.


Берденовке оқ атылған мылтық елордада есептен шығарылған

Фото: ҰҚК

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған мылтықтың елордада есептен шығарылғанын растады, деп жазады inform.kz.

- Иә, өкінішке қарай мұндай жайт болды. Біреулер бірдеңені сатқаны емес, қызметкерлердің немқұрайлығы болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды және тергеу аясында біз барлық мән-жайды, яғни жою орнындағы кінәліні, кім сатқанын анықтаймыз. Бұл сұрақтардың бәріне жауап береміз, - деді Ержан Сәденов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.