Жолды 2026 жылғы 01 ақпан сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
ERNUR.KZ. ҚазАвтоЖол Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады kaz.inform.kz.
“ 2026 жылғы 1 ақпан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Казталовка — Жәнібек — РФ шекарасы» 0-158 шақырым аралығы (Казталовка ауылы — Жәнібек ауылы) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі”, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 01 ақпан сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
Ал Маңғыстау облысында жол ашылады.
Бүгін, 1 ақпан сағат 11:00-де республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шетпе елді мекені – Жетібай елді мекені) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылады.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.


