Вице-министрдің айтуынша, «Білім туралы» заңда оқушыларға оқу процесінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынғаны нақты көрсетілген.
Ulysmedia.kz коллажы
ERNUR.KZ. Енді мектепте бала смартфон қолданса, ата-анасына айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы сенат кулуарында оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.
Вице-министрдің айтуынша, «Білім туралы» заңда оқушыларға оқу процесінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынғаны нақты көрсетілген. Ал бұл талаптың орындалуына ата-аналар жауап береді.
Мелдебекованың сөзінше, егер бала бірінші рет мектепте смартфон қолданса – ескерту беріледі. Қайталанса – 5 АЕК, 19 660 теңге айыппұл салынады.
Сонымен қатар, бұл норма қазірдің өзінде күшіне енген, алайда әзірге ешбір ата-ана айыппұл төлемеген.
Министрлік өкілдері мектептерге ереже бұзушылықтарды тіркеп, тиісті органдарға хабарлау құқығы берілгенін атап өтті. Әзірге мұндай жағдай бойынша хаттама толтырылған жоқ.


