Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
© Photo : Pexels / Tima Miroshnichenko
ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылында баланы көлігімен басып өтіп, ізін суытқан көлік жүргізушісі ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Lexus RX 300 автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Бұл азамат полиция қызметкері болып табылмайды, ол бұрын жол апаты болғанға дейін теріс себептермен жұмыстан шығарылған", - дейді полиция.
Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде 6 жастағы баланы көлік басып кетті. Жүргізуші оқиға орнына лезде ісін суытқан. Салдарынан бала ауруханаға түсті.