Балалар ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті болады – Конституция жобасы

0
705

Сонымен қатар балаға қамқорлық жасау мен тәрбие беру ата-ананың етене құқығы мен міндеті екені де аталған.


Балалар ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті болады – Конституция жобасы

ERNUR.KZ. Енді балалар ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті болады. Бұл туралы Конституцияның жаңа жобасында көрсетілген, деп жазады baq.kz.

Конституцияның ресми БАҚ-та жарияланған жаңа жобасында отбасы қатынасы, неке, балаға және ата-анаға қамқорлық мәселелері кеңінен қамтылып отыр.

Атап айтқанда, жобаның 30-бабында “Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті” деп көрсетілген.

Сонымен қатар балаға қамқорлық жасау мен тәрбие беру ата-ананың етене құқығы мен міндеті екені де аталған.