Азық-түлік өнімдерін өндіру 1,4 есеге артты – 2,3 трлн теңгеден 3,3 трлн теңгеге дейін

0
113

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша да оң динамика сақталып отыр.


Азық-түлік өнімдерін өндіру 1,4 есеге артты – 2,3 трлн теңгеден 3,3 трлн теңгеге дейін

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені тұрақты өсімді көрсетуде. Бұл ауыл шаруашылығын қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың жүйелі жүзеге асырылуының нәтижесі. Соңғы жылдардағы негізгі жетістіктердің бірі – азық-түлік өнімдерін өндіру көлемінің айтарлықтай артуы болды: 2021 жылы 2,3 трлн теңгеден 2024 жылы 3,3 трлн теңгеге дейін өсіп, 1,4 есеге артты.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша да оң динамика сақталып отыр.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға артты. Азық-түлік өнімдерін өндіру 10%-ға өсіп, 1,8 трлн теңгеге жетті, ал сусындар өндірісі 5%-ға ұлғайып, 566,8 млрд теңгені құрады.

2021–2024 жылдар аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 11,3%-ға өсіп, 7,5 трлн теңгеден 8,3 трлн теңгеге дейін жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 4,4 трлн теңгеден 5 трлн теңгеге дейін (+14%), ал мал шаруашылығы 3 117 млрд теңгеден 3 290,1 млрд теңгеге дейін (+5,6%) артты.

Саладағы басқа да негізгі көрсеткіштер бойынша оң үрдіс байқалады.

Атап айтқанда, АӨК өнімі экспорты 1,3 есеге артып, 3,8 млрд АҚШ долларынан 5,1 млрд долларға жетті. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2 есеге өсіп, 772,5 млрд теңгеден 919 млрд теңгеге жетті. Азық-түлік өндірісіне инвестициялар 118,3 млрд теңгеден 180,3 млрд теңгеге дейін артты. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 5 млн теңгеге жетті (2021 жылы – 3,4 млн теңге).

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру аясында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

•тыңайтқыштарды қолдану көлемі 2 есеге – 626 мың тоннадан 1,3 млн тоннаға дейін артты;

•ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4,3%-дан 5,5%-ға дейін өсті;

•дәнді және бұршақ дақылдарының өнімділігі 1,38 есеге – гектарына 11,0 центнерден 15,2 центнерге дейін артты;

•су үнемдейтін технологиялар қолданылатын жер көлемі 1,82 есеге – 258,8 мың гектардан 470,1 мың гектарға дейін ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы ірі қара мал (ІҚМ) саны 3 904,2 мың бастан 4 296,6 мың басқа дейін (+10%) артты, ал ұсақ мүйізді мал (ҰММ) саны 9 923,4 мың бастан 11 643,4 мың басқа дейін (+17,3%) өсті.