Қылмыстық іс қозғалды.
Фото: скрин
ERNUR.KZ. Атырау облысында әлеуметтік орталықтардың бірінде тәрбиеші мүмкіндігі шектеулі баланы ұрып-соққан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Желіде жария болған видеода ересек адамның кішкентай баланың жүрісін салып, мазақ еткені де көрінеді.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, куәгерлер мен оқиғаға қатысы бар адамдардан жауап алынып жатыр», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2024 жылы болған, алайда бұл туралы полицияға биыл 25 қыркүйекте ғана белгілі болған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


