Атырауда 2 жастағы бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

0
98

Өңірдің Полиция департаменті өкілі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.


Атырауда 2 жастағы бала бесінші қабаттан құлап, мерт болды

Көрнекі сурет: elements.envato.com

ERNUR.KZ. Атырауда 2 жасар бала көпқабатты үйлердің бірінің бесінші қабатынан құлап, мерт болды. Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады tengrinews.kz.

Өңірдің Полиция департаменті өкілі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Атырау облысы Полиция департаменті ата-аналар мен ересектерден бала қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауды сұрайды. Бала қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет", - өңірдің ПД өкілі.