Оқиға 12 сәуір күні болған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында 4 жасар бүлдіршін көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлап кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Департаменттің мәліметінше, оқиға 12 сәуір, жексенбі күні Гүлдер-1 шағын ауданында болған. 2022 жылы туған бала тоғыз қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
«Бала ата-анасымен бірге Астанадан Қарағандыға қонаққа келген. Ата-анасы мен туыстары басқа бөлмеде болған сәтте, жалғыз қалған бала терезеден құлап кеткен. Бала көпсалалы жарақатпен ауыр халде ауруханаға жеткізілді», – делінген ведомство хабарламасында.
Қарағанды облысы ТЖД ата-аналарға мынадай ескерту жасады:
- балаларды ешқашан қараусыз қалдырмау;
- терезелерге арнайы блокираторлар мен құлыптар орнату;
- терезе алдына жиһаз қоймау қажет.
«Москит торлары баланың салмағын көтере алмайды. Жақындарыңызды қорғаңыздар», – деп ескертті мамандар.


