16-18 маусым аралығында елордада екінші "Қытай – Орталық Азия" саммиті өтті.
видео кадры
ERNUR.KZ. Желіде Астана көшелеріндегі кортеждің видеосы тарады, деп жазады tengrinews.kz.
16-18 маусым аралығында елордада екінші "Қытай – Орталық Азия" саммиті өтті. Соған байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жолдарда қосымша полиция жасақтары қызмет атқарды, олар ірі кортеждермен жүрді. Сол кортеждердің біріне кездейсоқ көлік қосылып кеткен.
Кадрларда жасақталған полиция көліктерінің колоннасы салтанатты түрде көшеде жүріп келе жатқаны көрінеді, ал кортеждің арасында қарапайым Chevrolet Cobalt көлігі байқалады.
Желі қолданушылары бұл жағдайды назардан тыс қалдырмай, пікірлерде түрлі болжамдар жазған.
"Күзетпен такси шақырған кезде", "Меніңше, жүргізуші өзі не болғанын түсінбей қалған", "Осы сәтті пайдаланып, кептеліссіз жүріп өтуді шешкен", "Бренд жарнамасы деген осы", – деп жазды қолданушылар.
Сонымен қатар, көпшілік такси агрегаторын белгілеп, кейбірі бұл жүргізушіге сыйақы тағайындауды сұраған.