Заң бойынша жол апатынан мүгедек болған балаға 5 000 АЕК немесе 19 660 000 теңге мөлшерінде төлем белгіленген.
фото: https://www.instagram.com/help.aluabeken
ERNUR.KZ. "Еуразия" сақтандыру компаниясы Алуа Бекеннің отбасына жедел сақтандыру төлемін төледі, деп жазады sputnik.kz.
Себебі, автобус паркінің жауапкершілігі "Еуразия" сақтандыру компаниясында сақтандырылған. Төленген қаражат көлемі 19,66 млн теңге мөлшерінде болды.
"Протездеумен емдеу және оңалту ұзақ болатынын, сондай-ақ ілеспе шығындарды жедел жабу үшін сақтандыру компаниясы заңнамада белгіленген құжаттардың қажетті пакетін, оның ішінде мүгедектік туралы анықтаманы алғанға дейін сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырды", - дейді компаниядағылар.
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заң бойынша жол апатынан мүгедек болған балаға 5 000 АЕК немесе 19 660 000 теңге мөлшерінде төлем белгіленген.
"Қазақстанда мүгедектік туралы анықтама алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту қажет, бұл айтарлықтай уақытты қажет етеді. Барлық қажетті растайтын құжаттар келіп түсуіне қарай төлем ісіне қоса тіркелетін болады", - дейді сақтандыру компаниясындағылар.